
2018 жылғы Еуропадағы құрғақшылық жаһандық астық тапшылығына соқтырды, ал экономиканың қажеттілігін өтеуге жаңа өнімнің жетіспеуі мүмкін. Бұл туралы Der Spiegel газеті жазды.
Басылым БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) дерегіне сілтеме жасай отырып, 2019 жылы астық жетіспеушілігі жиналған өнімнен 30 млн тоннаға асатынын жазған. 2018 жылғы егіннен кейін Еуропада нан бағасы 6,3% өскен. Мамандар құрғақшылықты жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.
https://www.inform.kz/kz/europadagy-kurgakshylyk-zhahandyk-astyk-tapshylygyna-soktyrdy_a3514780