Домой Новости Түркістанда «Көрісу күні» жоғары деңгейде аталып өтті

Түркістанда «Көрісу күні» жоғары деңгейде аталып өтті

Түркістанда 14 наурыз – «Көрісу күні» жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Атаулы күнге орай “Арбат” алаңындағы  мерекелік концертте “Алтын дәуір”, “Көрісу”, “Қауышу” топтарының қойылымдары қойылды. Салтанатты шараға өңір басшылары, зиялы қауым өкілдері, өңір тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты,  Мерекелік жиында әртістер ән айтып, әр түрлі композицияларды биледі. 300 адамнан құралған «Жастық-көктем» атты флешмоб биі көрсетілді. Облыс аумағында өткізіліп отырған мерекелік шараға 1000-ға жуық адам қатысты.Мерекелік концерттің соңында түрлі этностардың өкілдері кітапханаларда ұлттық тағамдар мен кітап көрмелерін ұсынды. Айта кетейік, шым шаһарда Наурыз мерекесін ерекше атап өтуде. Бұл мереке наурыз айының он күніне жоспарланған: 14 наурыз “Көрісу күні”, 15 наурыз “Тағзым күні”, 16 наурыз “Тазалау күні”, 17 наурыз “Көктем шуағы күні”, 18 наурыз “Көктем өрнектері күні”, 19 наурыз “Балалар күні”, 20 наурыз “Бірлік күні”,  21-22 наурыз “Наурыз” мерекесін  мерекелеу  күні болып белгіленген.


https://www.inform.kz/kz/turkistanda-korisu-kuni-zhogary-dengeyde-atalyp-otti_a3507405


comments powered by HyperComments