
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 1937 жылы туған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 наурыз күні аудан орталығындағы Ерік Асанбаев көшесінде болған. «12 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 09:38 сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1937 жылы туған әйелдің денесі табылд», – деді ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта өрттің шығуының нақты себептері анықталуда. Әйелдің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді.
https://www.inform.kz/kz/kostanayda-turgyn-uy-ortenip-bir-ayel-koz-zhumdy_a3504058