Домой Новости Интернетте алаяқтарды қалай анықтауға болады

Интернетте алаяқтарды қалай анықтауға болады

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернет-алаяқтықтың негізгі белгілерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Полицейлердің айтуынша, танымал сервистер, әлеуметтік желілер, жарнама сайттары қаскүнемдердің қызықтыратын орындары. Алаяқтар ақша жымқырудың түрлі жолдарын біледі. Алайда, олар қанша сақ болғанымен, оларды анықтауға болады. «Қазір көпке танымал және алаяқтықтың ең қауіпті түрі: көлік немесе пәтер сату туралы «тиімді ұсыныс». Адамдар оны шетелде жүрген «пәтер иесінен» алады. Алаяқтар сатып алушының төлем қабілетін растауын сұрайды. Олар алдын ала төлем сұрамайды, тек ақшаны кез келген сенімді тұлғаға – туысына жіберіп, төлем туралы түбіртектің суретін түсіруді өтінеді», – деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. Оның айтуынша, мұндай түбіртекті ешкімге көрсетуге болмайды. Себебі, онда шот туралы ақпарат бар. Қаскүнем соны пайдаланып, ондағы ақшаны өзіне аударып алады. «Сатушы» үйдің құжаттарының суретін жіберсе де, асығыс шешім қабылдап, алдын ала төлем жасамау керек. Өйткені, бұл құжаттар басқа адамдарға тиесілі», – деп атап өтті П.Климов. Алаяқтықтың тағы бір жолы әлеуметтік желілерде танылған. Қаскүнемдер Интернетті бақылап, белсенді адамды іздейді және оның туысы немесе танысының дәл көшірмесін жасайды. «Осы парақшамен алаяқ қаржылай көмек сұрайды. Әдетте, несие өтеу үшін. Көптеген адамдар, әсіресе жастар, интернет арқылы хат алмасып, танысының өзіне хабарласпас бұрын ақшаны аударып жібереді», – деп түсіндірді П. Климов. Көптеген солтүстікқазақстандықтар интернет-алаяқтықтың құрбаны болып отыр. Өткен жылы тәртіп сақшылары Интернет арқылы алаяқтық жасау туралы 85 жағдай тіркеген. 


https://www.inform.kz/kz/internette-alayaktardy-kalay-anyktauga-bolady_a3505176


comments powered by HyperComments