Домой Новости Головкин «Канело» жекпе-жегінің өтуіне 2019 жылы не кедергі болуы мүмкін

Головкин «Канело» жекпе-жегінің өтуіне 2019 жылы не кедергі болуы мүмкін

Boxing247.com тілшісі Джеймс Слетэр Сауль Альварес Дэниел Джейкобсқа жеңілетін болса, оның салдары не болатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz. «Кейбір азаматтар Геннадий Головкиннің DAZN аясындағы алғашқы қарсыласы танымал боксшы болмауы мүмкін екендігін айтады. Өйткені оны алдыда «Канеломен» кездесу күтіп тұр. Ал «Канело» болса қазірдің өзінде өте қауіпті де мықты боксшы – Джейкобспен кездескелі отыр.  4 мамыр күні  «Канело» жеңіліп қалса не болады. Ол «Канело» – GGG III   кездесуін 2020 жылға қарай сырғытуы мүмкін бе ?»,-деген сауал қояды автор. Айта кетейік, Альварес-Джейкобс кездесуі Лас-Вегаста 4 мамыр күні өтеді.   Егер «Канело» бұл кездесуде жеңіске жетіп, Головкин DAZN аясында сәтті өнер көрсететін болса, олар үшінші кездесуін қыркүйекте өткізе алады. 


https://www.inform.kz/kz/golovkin-kanelo-zhekpe-zheginin-otuine-2019-zhyly-ne-kedergi-boluy-mumkin_a3505860


comments powered by HyperComments