Домой Новости Футбол фанаттары Алматыда төбелесті

Футбол фанаттары Алматыда төбелесті

Алматыда Суперкубок ойынынан кейін Орталық стадионда “Астана” және “Қайрат” жанкүйерлері төбелесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап. Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Онда бірнеше адамның балағат сөздер айтып, айғайлап жүргені естіледі. Полицейлер жігіттерді тынышталдырмақшы болып, төбелескендерді ажыратқан. 


“Алматының орталық стадионында футбол ойыны кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері жастардың топ болып төбелесу әрекеттерінің алдын алды. Олардың жеке басын анықтау үшін Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен олармен алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді”, – деді Алматы полициясы департаменті. Айта кетейік, “Астана” ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді. Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті “Қайратпен” кездесіп, 2:0 есебімен жеңді.


https://kaz.tengrinews.kz/events/futbol-fanattaryi-almatyida-tobelest-296057/


comments powered by HyperComments