Домой Новости Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында, “Жолаушылар тасымалы” АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады: – №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады; – №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері; – №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден  21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден  23 наурыз күні; – №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді. Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/elmzde-nauryiz-meyramyi-karsanyinda-kosyimsha-poyyizdar-296269/

comments powered by HyperComments