Домой Новости Қазақстандықтардың арманындағы жалақы мөлшері қандай

Қазақстандықтардың арманындағы жалақы мөлшері қандай

HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы 2019 жылы не мақсатпен жаңа жұмыс іздейтіндерін анықтау үшін қазақстандықтардың арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс тенденцияларын талдауға сүйенсек, сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен 8 243 адам қатысқан. Негізінен 26-35 жас аралығындағы қатысушылар белсенді болған. Олар жалпы қатысушылардың 39% құрайды. Бұдан тыс, респонденттердің 85% биыл жаңа жұмыс іздемек. Неліктен жұмысыңызды алмастырғыңыз келеді деген сұраққа берілген басты жауап – жоғары жалақы болды. «2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында жұмыс іздеушілер қалайтын жалақы диапазоны негізінен 114 400 теңгеден 171 600 теңге аралығында болды. Екінші орында – 85-114 мың теңгенің диапазоны», – дейді компанияның маркетинг және PR бөлімінің менеджері Дана Қасымова. Жыл басынан сатушы, есепші, басқарудағы есеп, қаржы, әкімшілік қызметкерлері, өндіріс, ақпарат технологиялары, интернет, телеком, көлік, банк қызметкері, инвестициялар, лизинг, құрылыс, топ-менеджмент сияқты жұмыстарға сұраныс жоғары болған.


https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktardyn-armanyndagy-zhalaky-molsheri-kanday_a3504090


comments powered by HyperComments