Домой Новости Астанада көктемгі су тасқынына қарсы шаралар пысықталды

Астанада көктемгі су тасқынына қарсы шаралар пысықталды

Астана әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте аудан әкімдері тасқын суға қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында көтерілген мәліметтепге сүйенсек, бүгінгі таңда Сарыарқа ауданы орталық көшелердің жаяу жүргінші жолын қардан тазартқан (Сарыарқа даңғылы, Республика даңғылы, Абай даңғылы, Кенесары көшесі, А. Мамбетов, Омаров, Рысқұлов көшелері, Жеңіс даңғылына дейін, Сейфуллин, Бигельдинов көшелері, Тілендиев д-лы, Бейсекова, Косшығұлұлы, Ақан Сері көшелері). Сондай-ақ темір жол вокзалы, сапаржайға жақын орналасқан көшелер, Агроқалашық, Көктал 1,2 тұрғын үй алаптарының орталық көшелері, Н.Тілендиев даңғылының сол жағы қардан тазартылды. 28 ақпанда сенбілік өткізілді, 100 студент зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар тұратын аулалардағы қарды шығарды. Алматы ауданында 76 әлеуметтік нысаннан қар шығару жұмыстары басталды. Бүгінгі күні олардың 65-де жұмыс аяқталды. Қалған 11 нысандағы жұмыс 10 наурызға дейін аяқталады. Сонымен қатар, қар суын өткізу үшін арық желілерін қардан және мұздан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арықтың ұзындығы 9 420 погон метр. Су тасқыны кезеңінде «Алматы» ауданы бойынша 45 сусорғыш көлік жұмылдырылады. Ал Байқоңыр ауданы бойынша су тасқынына қарсы жедел іс-шаралар жүргізілуде. Жеке сектордан қар шығарылып, арықтар мен жауын-шашын суын қабылдайтын кәріз жүйесі тазаланып, 3000 текше метр үгіндітас пен 400 қап құм дайындалды (шұғыл әрекет ету мақсатында). Бүгінге дейін қардың 90 720 текше метрі шығарылды. Көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылар тұратын үйлерден қар шығарылуда. Акция 15 наурызға дейін жалғасады. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы жедел әрекет ететін аудандық комиссия штабы құрылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Табиғи апат кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігі қала және аудан басшылығының назарында. Есіл ауданында ауданда су басу қаупі жоғары 11 орын анақталған. Оның қатарында тұрғын үй алаптары да бар. Су тасқынын болдырмау мақсатында мектептер мен балабақшалар аулаларынан қар қала сыртына шығарылуда (26 балабақшаның 20, ал 18 мектептің 9-ы тазартылды). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. 27 арнайы техника жұмылдырылған. «М-1» және «М-2» көпірлер арасында орналасқан нөсерлі кәріздерді қардан, мұздан, қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталды.  


https://www.inform.kz/kz/astanada-koktemgi-su-taskynyna-karsy-sharalar-pysyktaldy_a3504373


comments powered by HyperComments