
WhatsApp мессенджері қауіпсіздікті күшейту мақсатында iPhone смартфондарының кейбір модельдеріне жаңа функциялар енгізді. Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости. “WhatsApp-та хабарламалардың қауіпсіздігіне назар аударып, қосымшаны одан да қауіпсіз етудің жаңа әдістерін іздейміз. … Сондықтан бүгін біз iPhone смартфондарына арналған Touch ID және Face ID функцияларын ұсынамыз. Бұл сіздердің аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тағы бір деңгейге жоғарылатады”, – делінген компанияның блогында. Осылайша, компания өкілдерінің айтуынша, бөтен біреу WhatsApp қосымшасына кіре алмайды. Жаңа функцияны қосу үшін қосымшаның баптауларына кіріп, “экранды бұғаттау” функциясын таңдап, деректердің құпиялығы параметрлерін жаңарту керек.
https://kaz.tengrinews.kz/internet/WhatsApp-iPhone-smartfondaryinyin-kaupszdg-ushn-jana-295346/