Домой Новости Қостанайда ветеринарлар тұрғындардан заңсыз ақша алып келген

Қостанайда ветеринарлар тұрғындардан заңсыз ақша алып келген

Қарабалық ауданының ветеринария мамандары анықтама қағазы үшін тұрғындардан заңсыз ақша алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті растады. «Қарабалық ауданының мал дәрігерлері ұзақ уақыт бойы тұрғындардан ветеринариялық анықтаманы беру үшін ақша алып келген. Алайда, қолданыстағы нормаларға сәйкес, анықтамалар беру тегін жүргізіледі. Негізсіз алынған қаражаттың жалпы сомасы 269 000 теңгені құрады», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова агенттік тілшісіне. Қарабалық ауданы әкімдігі мен агенттік қызметкерлері ветеринария бөлімінің жұмысын тексерді. Қазіргі уақытта заңсыз алынған қаражатты халыққа қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.


https://www.inform.kz/kz/kostanayda-veterinarlar-turgyndardan-zansyz-aksha-alyp-kelgen_a3502391


comments powered by HyperComments