Домой Новости Әлихан Смайылов «Цеснабанкке» не үшін көмек көрсетілгендігін түсіндірді

Әлихан Смайылов «Цеснабанкке» не үшін көмек көрсетілгендігін түсіндірді

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов «Цеснабанктің» кредиттік портфелін сатып алуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министрдің сөзіне қарағанда, Цеснабанк ауыл шаруашылығына негізгі кредит беріп отырған қаржы ұйымы саналады. Бүгінде бұл саладағы кредиттердің 65 пайызын осы банк берген. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін қолдау міндеті болған. «Бірінші транта 450 млрд теңгенің, ал екіншісінде 604 млрд теңгенің кредиттік портфелін сатып алдық. Бұл республикалық бюджеттің ақшасы емес. Бұл қайтарым негізінде тартылған қаражат. Яғни, банк жүйесін сауықтыру мақсатында екінші деңгейлі банктердің проблемалық кредиттерін сатып алу үшін құрылған Проблемалық кредиттер қоры қор биржасына өзінің облигацияларын шығарды. Бұл облигацияларды Ұлттық банктың еншілес үйымы Қазақстанның тұрақтандыру қоры сатып алды және бұл ақшаға Цеснабанктің «аграрлық портфелі» алынып отыр. Санация орын алғаннан кейін бұл портфель жеке бизнеске сатылады және қайтарылған ақша Қазақстанның тұрақтандыру қорына беріледі. Себебі бұл қайтарылатын ақша. Бірінші транш 10 жылға, екіншісі 15 жылға арналған. Активтердің сатылуына қарай бұл ақша қайтаратын боламыз», – деді Ә.Смайылов. Министрдің пайымынша, мұндай шара көктемгі егістік жұмыстарына кедергі келтірмеуге және жұмыс орындарын сақтап қалуға, ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, Цеснабанкте 179 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 400 млрд теңгені құрайтын депозиттері бар. Сонымен қатар, 19 мың компания да 110 млрд теңгелік депозиттерін осы банкте сақтап отыр.  

 https://www.inform.kz/kz/alihan-smayylov-cesnabankke-ne-ushin-komek-korsetilgendigin-tusindirdi_a3497205

comments powered by HyperComments