Домой Новости Келесі жылы тағы 13 автотрасса ақылы болады

Келесі жылы тағы 13 автотрасса ақылы болады

2020 жылы 13 автожолда ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Астана-Теміртау» учаскелерінде ақы алу жүйесі ағымдағы жылдың қаңтар айында іске қосылғанын атап өтті. «Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы ұзындығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайтын 13 учаскеде ақы алу жүйесін орнату конкурсын жариялау жоспарланған. Жеңімпазды осы жылдың желтоқсанында анықтауды көздеп отырмыз және 2020 жылы 5 мың шақырым жол ақылы болады»,- деді вице-министр. Жалпы, оның дерегіне сәйкес, 2021 жылы елімізде ақылы жолдардың ұзындығы шамамен 6,5 мың шақырымға жетеді.



comments powered by HyperComments