Домой Новости Қазақстанның жастар құрамасы ЕУРО-2019-ға қатысады

Қазақстанның жастар құрамасы ЕУРО-2019-ға қатысады

Футзалдан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропа-2019  бірінші чемпионатының негізгі раунды Финляндияның Тампере қаласында өтеді, деп хабарлайды sports.kz. U-19 Қазақстан құрамасы 2019 жылдың 26-31 наурызы аралығында өтетін негізгі раундта өнер көрсетеді. Бірінші топқа кірген біздің команда Польша, Франция және Финляндиямен бақ таластырады. Негізгі кезеңге қатысатын командалар 7 топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары Латвиядағы ақтық сынға қатысатын командалар тізімін толықтырады. Ақтық сынның матчы 8-14 қыркүйекте «Арена Ригада» (Рига) өтеді. 


https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-zhastar-kuramasy-euro-2019-ga-katysady_a3502860


comments powered by HyperComments