Домой Новости Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

2019 жылдың наурызы – мерекеге толы ай. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сай келуіне байланысты, мереке үш күн – 8-10 наурыз аралығында тойланады. Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн – 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге сай келетіндіктен, демалыс күн дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады. Жалпы, наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар. 


https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktar-nauryzda-kansha-kun-demalady_a3502825

comments powered by HyperComments