Домой Новости Түркістанда қандай сәулетті ғимараттар салынады

Түркістанда қандай сәулетті ғимараттар салынады

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мұнда құрылыс жұмыстары қарқын алды. Өзге облыстар мен еліміздегі алпауыт компаниялар киелі шаһарда сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне атсалысуда. Мәселен, Астана қаласы «Астана» алаңының салынуына тапсырыс беріп, оның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталмақ. Сонымен қатар, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысанының құрылысы басталды. Бұдан өзге, әуежайдың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Казаэронавигация» АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр. Ал, Алматы облысының әкімдігі «Жастар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастап кетсе, Ақтөбе облысы – «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Атырау облысы – ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражайдың құрылысын жүргізуді өз мойнына алып отыр. Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ салуды көздесе, Солтүстік Қазақстан облысы – олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектебін салуды жоспарлауда. Жамбыл облысы – «Әзірет Сұлтан» қорығына мәдени-тарихи Визит орталығын тұрғызбақ. Батыс Қазақстан облысы – Тарихи-киелі орындар орталығының құрылысын жүргізеді. Бұдан өзге, Қостанай облысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрдың құрылысын бастайды. Елордасы Астана қаласы – «Астана» алаңының, Алматы қаласы – Медиа орталықтың, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастауда. Сонымен Елбасы мақұлдаған Түркістан қаласынан салынатын ғимараттардың жобасымен таныстырсақ: 1. «Ұлы дала елі» орталығы – Түрік әлеміндегі хандар мен билердің мұражайы «ERG», «KAZMINERALS» және «BI GROUP» компанияларының демеушілігімен салынуда. Аумағы 7760 шаршы метрды құрайды.


 https://www.inform.kz/kz/turkistanda-kanday-sauletti-gimarattar-salynady_a3492196


comments powered by HyperComments