Домой Новости ШҚО-да субсидия қарызы 6,2 млрд теңгеге жетті

ШҚО-да субсидия қарызы 6,2 млрд теңгеге жетті

Өткен жылы шығысқазақстандық шаруаларға 6,2 млрд теңге субсидия төленбей қалған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев әкімдік мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қомақты өсім көрсеткен үш саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Облыстың жалпы ішкі өнімі 3,5 трлн теңге болса, соның 506,7 млрд теңгесін аграрлық сала берген. Алайда жыл бойы тынымсыз еңбек еткен шаруалар тиесілі субсидияларын ала алмай жүр. «Облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің іскерлік белсенділігі 2018 жылы мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар бойынша 6,2 млрд теңге берешекке әкеліп соқты. Ол 2019 жылға арналған қаражат есебінен төленбек. Ағымдағы жылға субсидиялауға жалпы қосымша қажеттілік өткен жылғы берешекті қоса есептегенде 10,0 млрд теңгені құрайды» – деді басқарма басшысы Асқар Жақыпбаев.


 https://www.inform.kz/kz/shko-da-subsidiya-karyzy-6-2-mlrd-tengege-zhetti_a3491454

comments powered by HyperComments