Домой Новости Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тұғымбаева айтты. Ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшылардың Серік Сәпиевті құрметтейтінін айтып өтті. “Серікті барлықтарыңыз жақсы танисыздар, оны спортшы ретінде құрмет тұтамыз, бағалаймыз. Әріптестер, ақ жол! Спортта жаңа белестер мен жеңістер тілеймін!”, – деді мәдениет және спорт министрі.
Мұның алдында Серік Сәпиевтің депутаттық қызметтен бас тартқаны хабарланған болатын. “ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік Жұманғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды”, -деген еді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов. Нәтижесінде депутаттар дауыс беріп, Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/serk-sapiev-jana-kyizmetke-tagayyindaldyi-295210/

comments powered by HyperComments