Домой Новости Қостанайда 20 жастағы электр монтаждаушы көз жұмды

Қостанайда 20 жастағы электр монтаждаушы көз жұмды

Қостанайда 1999 жылы туған электр монтаждаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Оқиға облыс орталығындағы «Март» ойын-сауық, сауда орталығының маңында болды. «Толстой көшесінің бойындағы электрлі-техникалық жұмыстар кезінде электр монтаждаушы көз жұмды. Кісі өлімінің нақты себептері анықталуда», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі И.Беженарь. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осыған дейін қызметкерлерінен ақша алып отырған полиция бастығының үйқамаққа алынғанын жазғанбыз.     Біздің каналымызға жазылыңыз:


https://www.inform.kz/kz/kostanayda-20-zhastagy-elektr-montazhdaushy-koz-zhumdy_a3486580


comments powered by HyperComments