
Қостанайда 1999 жылы туған электр монтаждаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Оқиға облыс орталығындағы «Март» ойын-сауық, сауда орталығының маңында болды. «Толстой көшесінің бойындағы электрлі-техникалық жұмыстар кезінде электр монтаждаушы көз жұмды. Кісі өлімінің нақты себептері анықталуда», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі И.Беженарь. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осыған дейін қызметкерлерінен ақша алып отырған полиция бастығының үйқамаққа алынғанын жазғанбыз. Біздің каналымызға жазылыңыз:
https://www.inform.kz/kz/kostanayda-20-zhastagy-elektr-montazhdaushy-koz-zhumdy_a3486580