Домой Новости Әли Ахмедов 25 жасқа дейінгі әлемдегі үздік боксшылар рейтингіне енді

Әли Ахмедов 25 жасқа дейінгі әлемдегі үздік боксшылар рейтингіне енді

Standingeightcount.com америкалық сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша (pound-for-pound) 25 жасқа дейінгі үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вконтакте желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап. Әлемдегі ең үздік 25 боксшыдан құрылған рейтингтің 24-ші орнына WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, 23 жастағы қазақстандық Әли Ахметов (13-0, 10КО) орналастырылған. «Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахметов – бокстың әлі ашылмаған құпияларының бірі. Оның 2019 жылы АҚШ-қа қоныс аударуы өзгеріс әкелуі мүмкін», – делінген материалда. Рейтингтің алғашқы үштігін жапондық Наоя Иноуэ (17-0, 15КО), америкалық Джервонта Дэвис (20-0, 19КО) және күн шығыс елінің тағы бір өкілі Косеи Танака (12-0, 7КО) құрап отыр.


 https://www.inform.kz/kz/ali-ahmedov-25-zhaska-deyingi-alemdegi-uzdik-boksshylar-reytingine-endi_a3486637

comments powered by HyperComments