Домой Новости Головкинді нокаутқа жібереміз – «Канелоның» промоутері

Головкинді нокаутқа жібереміз – «Канелоның» промоутері

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Де ла Хойяның тағы бір клиенті – Хайме Мунги бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сәтті қорғап шыққаннан кейін тілшілер промоутерден «Канело» – GGG ықтимал трилогиясы жөнінде сұрады. «Сіздерді сендіріп айтамын, үшінші жекпе-жек болады. Бұл жолы «Канело» оны нокаутқа жібереді», – деді Оскар де ла Хойя Houston Chronicle Online Sports журналисіне берген сұхбатында. Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталған еді. Араға тура бір жыл салып өткізілген рематчта төрешілер жеңісті «Канелоға» берді. 


 https://www.inform.kz/kz/golovkindi-nokautka-zhiberemiz-kanelonyn-promouteri_a3492264


comments powered by HyperComments