Домой Новости Филиппинде жарылыстан 20 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды

Филиппинде жарылыстан 20 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды

Филиппиннің оңтүстік-батысында католик шіркеуінде қуатты жарылыс болды. Салдарынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Филиппин ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, жарылыс жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 08:20 шамасында (Астана уақытымен 10:30) болды. Соңғы деректерге қарағанда,  оқиға салдарынан 20 адам қаза тауып, 111 адам жараланды. 


 https://www.inform.kz/kz/filippinde-zharylystan-20-adam-kaza-bolyp-100-den-astamy-zharakattandy_a3492275



comments powered by HyperComments