
Филиппиннің оңтүстік-батысында католик шіркеуінде қуатты жарылыс болды. Салдарынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Филиппин ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, жарылыс жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 08:20 шамасында (Астана уақытымен 10:30) болды. Соңғы деректерге қарағанда, оқиға салдарынан 20 адам қаза тауып, 111 адам жараланды.