Домой Новости Алматы облысында 20-дан астам жоба жүзеге асты

Алматы облысында 20-дан астам жоба жүзеге асты

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 20-дан астам жоба іске асты. Сарапшылар кеңес беруден бастап, жер учаскелерін алу мен жобаларды қаржыландыруға дейін қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалар ішінде Алматы облысы Іле ауданында былғарыдан өндірілетін аяқ киім фабрикасын салу бар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Береке» индустриялық аймағынан  1 га жер учаскесі алынды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар  Өңдеу өнеркәсібінің басымдыққа ие жобаларын несиелеу бағдарламасы бойынша 1 млрд теңге көлемінде қаржы тарту жоспарланған. Болашақта жоба 140 жаңа жұмыс орнын ашуды қарастыруда. Сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының сүйемелдеуімен «Лепсинск өнімдері» ЖШС 330,5 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыруды алу мақсатында  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бағдарламасына қатысты. Бұл қаражатқа «Easy Snap» италиялық жабдық алу көзделген. Өтінімді қарау нәтижесі 2019 жылдың ақпан айында белгілі болады. Бұған қоса СHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPО импортты тауар халықаралық көрмесіне қатысып, кәсіпорын шетелдік серіктестерді тауып, Қытайға балды экспорттауды бастап кетті. «Біз бизнес өкілдерін сауда-экономикалық миссиялар, халықаралық салалық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Алматы облысының 20-ға жуық кәсіпорын 10 халықаралық көрме мен конференцияға қатысты», – деді Алматы облысы ӨКП бөлім бастығы Дана Жамболатова.


 https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-20-dan-astam-zhoba-zhuzege-asty_a3485523



comments powered by HyperComments