Домой Новости Тараздық зейнеткердің 8 мың долларын жымқырған алаяқ ұсталды

Тараздық зейнеткердің 8 мың долларын жымқырған алаяқ ұсталды

Таразда талайды қан қақсатқан алаяқ әйел ұсталды. Ол соңғы рет зейнеткердің 8 мың доллары мен 120 мың теңгесін жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     


Белгілі болғандай, күдікті – 39 жастағы әйел. Ол 68 жастағы зейнеткермен көшеде кездейсоқ танысып, оның сеніміне кірген.  Қарт кісінің ақшасы барын біліп, алдын ала теңгесін берсең, дүкеннен 30 пайыз жеңілдікпен тұрмыстық техниканы алуға болады деп үгіттеген. Тіпті лотереяға қатыссаң, толық соманы қайтарып аласың деп  те сендіреді. Осы жалған сөзге илана қалған аңқау зейнеткер банкоматтағы 120 мың теңгесі мен депозиттен 8 мың долларын шешіп бере салған. Ал одан кейін уәде берген адамы ұшты-күйлі жоғалған. Түк түсінбей қалған кейуананың шағымынан соң іздеуге кіріскен полицейлер, алаяқты көрші Түркістан облысында қолға түсірген.   “Күдікті Шымкент қаласының мөлтекаудандарының бірінде ұсталған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Тараз қаласына жеткізіліп, осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр”, – дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспассөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.      Қазір күдіктінің  сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр.

Авторы: Ғибрат Сембай


https://www.inform.kz/kz/tarazdyk-zeynetkerdin-8-myn-dollaryn-zhymkyrgan-alayak-ustaldy_a3481923


comments powered by HyperComments