Домой Новости Астанада деректер базасында 3 мың бос жұмыс орны бар ақпараттық пункт ашылды

Астанада деректер базасында 3 мың бос жұмыс орны бар ақпараттық пункт ашылды

Елордада ашылған Work center пунктінің деректер базасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Ақпараттық Work center пунктін жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ескі темір жол вокзалы ауданында ашты.  Мұнда жұмысқа тұру бойынша толық ақпарат алуға болады. Деректер базасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Орталықта сұранысқа ие мамандық бойынша қысқа мерзімді оқыту курсынан өтуге болады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері түйіндемені дұрыс толтыруға, мамандық таңдауға көмектеседі. 


 https://www.inform.kz/kz/astanada-derekterinde-3-myn-bos-zhumys-orny-bar-akparattyk-punkt-ashyldy_a3481955


comments powered by HyperComments