Домой Новости Қызылордада мұнай таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Қызылордада мұнай таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға аудандағы Шиелі-Тайқоңыр автожолының бойында орын алған. Мұнай таситын «КамАЗ» жүргізушісі көлікті басқара алмай, шұңқырға аударылған. Соның салдарынан 10 тонна мұнай 60 шаршы метр аумаққа жайылған. Алайда өрт оқиғасы тіркелген жоқ. «Жүргізуші апат кезінде қайтыс болды. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының  бас маманы Айгүл Нұрманова.

https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-munay-tasityn-kolik-audarylyp-zhurgizushi-kaza-tapty_a3448332

comments powered by HyperComments