Домой Новости Теңгенің 25 жылдығына орай Ұлттық банк деректі фильм ұсынды

Теңгенің 25 жылдығына орай Ұлттық банк деректі фильм ұсынды

Қазақстан ұлттық валютасы – Теңгенің 25 жылдығын мерекелеуге орай ҚР Ұлттық банкі «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы аталмыш қаржы құрылымының facebook-тегі парақшасында жазылды.

«25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады»,-делінген хабарламада. «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ «KazakhTV» телеарнасында орыс тілінде 21:20-да көруге болады.

https://www.inform.kz/kz/tengenin-25-zhyldygyna-oray-ulttyk-bank-derekti-fil-m-usyndy_a3456543

comments powered by HyperComments