Домой Новости Таразда «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы өтті

Таразда «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы өтті

“Баласағұн” орталық концерт залында Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Туған жерге туыңды тік” атты жерлестер форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, өңірде алғаш рет өткізіліп отырған шарада қоғам қайраткері, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Миразова, Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 дүркін «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», халықаралық турнирлерінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, білікті экономист, меценат  Азаматхан   Әміртай, “RUMI GROUP” мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Қуаныш Шоңбай, Қазақстанның Еңбек ері, “Казфосфат” ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров және тағы басқа азаматтар туған жерге деген лебіздерін білдірді.  Форум барысында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өткізілген “Жомарт жүрек” сыйлығының лауреаттары марапатталды. “Жомарт жүрек” сыйлығы туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан белсенді тұлғаларға, бизнес өкілдеріне және түрлі ұйымдарға табыс етілді. Сондай-ақ, елімізге еңбегі сіңген облыстың 8 азаматына “Аманат” марапаты берілді.  Кеш соңы өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Авторы: Ғибрат Сембай

https://www.inform.kz/kz/tarazda-tugan-zherge-tuyndy-tik-atty-zherlester-forumy-otti_a3459811

comments powered by HyperComments