
Түркістан облысының Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 782 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының Түлкібас ауданын Түркібасы деп қайта атау туралы Жарлық жобасы Елбасы қарауына енгізілген. Айта кетсек, тиісті Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
https://www.inform.kz/kz/tulkibas-audanynyn-atauy-ozgerui-mumkin_a3468131
comments powered by HyperComments