Домой Новости Сарыағашта салық төлемегендерге айыппұл салынды

Сарыағашта салық төлемегендерге айыппұл салынды

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында ақша айырбастау пункттері 2 млн теңге көлемінде салық төлемей келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның кезекті тексеріс жүргізуі кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл басынан бері  елімізде  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі қолданысқа еніп, онымен уәкілетті ұйымның айырбастау пункті салық төлеуге міндеттелген. Яғни, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыратын нысандардың қожайындары 3 күн ішінде қызметін бастағаны туралы салық органын хабардар етуі тиіс болып келген. Алайда прокуратураның талдауы бойынша аудандағы 23 айырбастау пункті бар 4 уәкілетті ұйым заң талаптарын бұзып, салық төлеуден жалтарып жүргені анықталды.  Нәтижесінде аудан прокуратурасы мемлекеттік кірістер органына бірқатар ұсыныстар енгізіп, аталған  заң бұзушылықтар жойылды. Барлық  ақша  айырбастау пункттері арнайы  есепке қойылып, мемлекетке 2 млн теңге көлемінде  салық  төледі.

https://www.inform.kz/kz/saryagashta-salyk-tolemegenderge-ayyppul-salyndy_a3454650

comments powered by HyperComments