
Сәрсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,51 долларға көтеріліп, 65,86 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,56 долларға өсіп, 56,25 долларды құрады.
https://www.inform.kz/kz/munaydyn-alemdik-bagasy-koterildi_a3456511
comments powered by HyperComments