
World Boxing News редакторы, Америка боксы туралы жазатын журналистер қауымдастығының мүшесі Фил Джей Sports.kz сайтына Геннадий Головкиннің DAZN-мен келісімшартқа қол қою болашағына қатысты не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды sports.kz.
«Головкин WBO титулына Андрадемен айқас үшін DAZN-мен келісімшартқа қол қойып, кейін «Канеломен» қыркүйекте бірлескен жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын. Бұл қазір GGG бара алатын жалғыз қадам деп есептеймін. Егер ол «Канеломен» кездескісі келсе немесе мансабын табысты мәмілемен аяқтағысы келсе, DAZN-мен келісім жасауы тиіс. Головкинге қазір кәсіби мансабын аяқтаудың еш мәні жоқ. «Канеломен» айқасып, көп ақшаға кенелетіні анық», – деді маман.
https://www.inform.kz/kz/ggg-bara-alatyn-zhalgyz-kadam-amerikalyk-sarapshy_a3455532
comments powered by HyperComments