
Америкада жыл сайын өтетін People’s Choice Awards сыйлығының «2018 жылдың үздік фильмі» аталымында көрермендер Marvel студиясы шығарған «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильміне дауыс берді. Бұл туралы Enews порталы хабарлайды.
Сыйлықтың өзге де аталымдарының үздіктері анықталды. Көрермен қалауы бойынша, Джеймс Фоулидің «Еркіндіктің елу реңкі» картинасы – үздік драма, режиссер Сузанна Фогельдің «Мені лақтырған тыңшы» фильмі – үздік комедия, «Суперотбасы 2» мультфильмі – үздік отбасылық фильм атанды. Киносүйер қауым «Қара пантера» фильмінің бас кейіпкері Чедвик Боузманды үздік актер деп таныса, Скарлетт Йоханссонды биылдың үздік актрисасы ретінде мойындады.
https://www.inform.kz/kz/2018-zhyldyn-uzdik-fil-mi-anyktaldy_a3454717
comments powered by HyperComments