Домой Новости Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.   Қазақстан Республикасының               Президенті                                                                   Н. Назарбаев   Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша                     № 261 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 261  өкіміне ҚОСЫМША     2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы   Әдебиет қайраткерлері   Айтхожа Марфуға                     – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері   Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері   Әбдікұлы Төлен                               – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Әлімбекұлы Толымбек – 1954 жылы туған, сатирик   Әшімов Әкім  (Әкім Тарази)                              –    1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Әшіров Ахмет                       – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері   Бөдешұлы Жәркен – 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері   Гарькавец Александр                     – 1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері   Досанов Сәбит                               – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері   Елеукенов Шериаздан                  – 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері   Жолдасбеков Мырзатай                 – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері   Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы   Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері   Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Қыдырханұлы Уахап                     – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері   Мұханбетқалиұлы Қажығали – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері   Мырзахметұлы Мекемтас               – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Ниязбек Рәпілбек – 1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Нұрпейісов Әбдіжәміл                  – 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты   Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері   Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері   Рәш Мыңбай                                  – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет»  орденінің иегері   Салғараұлы Қойшығара                – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Сарай Әнес                                   – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Сәдуақас Тортай – 1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Смадияров Бекзат – 1992 жылы туған, ақын   Сүлейменов Олжас                        – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты   Фроловская Татьяна   – 1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы   Ыдырысов Әбілфайыз     – 1930 жылы туған, жазушы   Өнер қайраткерлері   Абдулина Айша                             – 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі   Абубахриева Мукарам   – 1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Адамжан Бақтияр – 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ахметова Шайза – 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі   Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Әбжанова  Анара   – 1986 жылы туған,  суретші Әмір-Темір Хусеин – 1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Әшімов Асанәлі                             – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Әшірбекова Роза                            – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі   Байсейітова Раушан                      – 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Давыденко Оксана – 1984 жылы туған, опера солисі   Дайыров Еркебұлан – 1986 жылы туған, актер   Дүйсекеев Кеңес                            – 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері   Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы   Жаманбаев Базарғали                   – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Жуков Роман – 1988 жылы туған, актер   Зұлхаш Чапай – 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері   Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі   Имашева Баян – 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі   Қалықова Саида   – 1985 жылы туған, пианист   Камалиев Қабыкен – 1939 жылы туған, опера әншісі   Клушкин Юрий                               – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі   Қастеев Дәурен   – 1979 жылы туған, суретші Қастеева Зарема                             – 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі   Қосыбаева Тамара                         – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі   Мәлібекұлы Жандарбек                   – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы   Мышбаева Нүкетай                       – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Нүсіпжан Нұрғали                     – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат»  орденінің иегері   Нұрмолдаев Серік – 1987 жылы туған, өнертанушы   Обаев Есмұқан                               – 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Омаров Қанат – 1988 жылы туған, дирижер   Оразбаев Сәбит                              – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Өтекешова Меруерт – 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері   Өтепберген Аян – 1992 жылы туған, актер   Померанцев Юрий                        – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Разиева Гульвер      – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі Садықова Анвара – 1982 жылы туған, хореограф-ұстаз   Сақиева Күләш                              – 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі   Тасыбекова Торғын                       – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі   Төлегенова Бибігүл                       – 1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Уәлихан Шот-Аман                            – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Хасанғалиев Ескендір                   – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Школьный Арий – 1926 жылы туған, кескіндемеші,                          Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері

https://www.inform.kz/kz/elbasynyn-madeniet-salasyndagy-memlekettik-stipendiyasy-tagayyndaldy_a3456492

comments powered by HyperComments