Домой Новости Қазақстанда ет өндіру 9,7% артқан

Қазақстанда ет өндіру 9,7% артқан

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында ет өндіру 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% артып, 225 186 тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 429 342 тонна сүт (былтырғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғандағы өсім – 7%), 3 372 922 тонна ұн (+6%), 194 651 тонна қант (-30,2%),  68 268 тонна жарма (+21,1%) өндірілген.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-et-ondiru-9-7-artkan_a3455613

comments powered by HyperComments