Домой Новости Қазақстан футболшылардың жалақысы бойынша ТОП-25 енді

Қазақстан футболшылардың жалақысы бойынша ТОП-25 енді

Global Sports Salaries компаниясы бірқатар зерттеулер жүргізіп, әлем бойынша барлық чемпионаттардағы футболшылардың жалақысын анықтады, деп хабарлайды Sports.kz. Бұл тізімде Қазақстан Премьер-Лигасы да бар. Global Sports Salaries дерегі бойынша, Қазақстан Премьер-Лигасының негізгі құрамының футболшысы орта есеппен жылына 148 513 доллар (айына 12 376 доллар) табады. Осы көрсеткіш бойынша ҚПЛ әлемде 25-орында тұр. Футболшыларға берілетін ақы бойынша Англия көш бастап тұр – жылына 3 935 197 доллар. Сондай-ақ, үздік үштікте Испания – 2 896 151 доллар және Италия – 1 999 865 доллар бар. Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Аустралия, Польша, Хорватия және басқа лигалардан жоғары орында.

https://www.inform.kz/kz/kazakstan-futbolshylardyn-zhalakysy-boyynsha-top-25-endi_a3467052

comments powered by HyperComments