Домой Новости Қазақ радиолары дикторларға кастинг жариялады

Қазақ радиолары дикторларға кастинг жариялады

«Қазақ радиолары» ЖШС жаңа дикторларға кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат серіктестік сайтына сілтеме жасап.  «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты: «Qazaq radiosy» «Shalgar», «Astana», «Classic» радиоларына дикторлыққа кастинг жарияланды. Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимараттағы Қазмедиа орталығында өтеді. Үміткердің өзімен бірге төлқұжаты болуы маңызды», – делінген хабарламада. Ал республиканың басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдіргендер кез келген ақынның бір өлеңін (3мин) және ақпараттық мәтінді (1мин) оқып mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер жақшада көрсетілген уақыттан аспауы тиіс. «Кастингке түскен материалдар 1-20 қараша аралығында іріктеледі және 23 қарашада қорытындыланады. Сондай-ақ, қатысушылар аудиомен бірге төлқұжатының суретін де жіберуі керек. Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады» – деп хабарлады серіктестік. Іріктеуде қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

https://www.inform.kz/kz/kazak-radiolary-diktorlarga-kasting-zhariyalady_a3442573

comments powered by HyperComments