
Су құбырындағы апат салдарынан Сығанақ пен Түркістан көшелерінің бойында орналасқан мекемелер мен үйлер сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бөлек, «Шұбар» шағынауданында да су құбырында апат болып, су тоқтатылды. iKomek қызметі хабарлағандай, су өшірілген абоненттердің нақты саны әзірге белгісіз. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астананың сол жағалауының орталығында, Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып, сол маңайды су алып кеткен еді. Суық су құбыры желілерінде болған апат салдарынан Түркістан мен Сығанақ көшелерінің қиылысы жабылды. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» көпірінің астындағы учаскені де су басты. «Астана су арнасы» су құбырының тесілген жерін қалпына келтірумен айналысуда.
comments powered by HyperComments