
Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 274 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Қаз Ақпарат ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
Жер асты дүмпуі 19 сағат 02 минут 45 секундта тіркелген. “Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.6, MPV магнитудасы – 4.3”, – делінген хабарламада.
https://www.inform.kz/kz/almatydan-274-shakyrym-kashyktykta-zher-silkindi_a3463633
comments powered by HyperComments