Домой Новости Алматы метросының жұмыс режимі өзгерді

Алматы метросының жұмыс режимі өзгерді

Алматы метросының жерасты пойыздары түн ортасына дейін жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген жолаушылардың өтінішін ескере отырып, 12 қарашадан бастап Алматы метрополитені жаңа жұмыс режиміне көшеді. Енді жерасты жүрдек пойыздары таңғы 6:20-дан түнгі 24:00-ге дейін қатынайтын болады. Сонымен қатар, Алматы метросын жолаушыларға барынша ыңғайлы ету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Келер жылы арнайы алаңдар мен касса залдарында ақпараттық дисплейлер орнатылады. Жолаушылар енді келесі пойыздың қашан келетінін көріп тұрады», – деді «Алматы метрополитен» АҚ баспасөз қызметінен. Айта кету керек, 24 қазанда Алматы метросына 8 жаңа электр пойызын жеткізу үшін келісімге қол қойылған болатын.

https://www.inform.kz/kz/almaty-metrosynyn-zhumys-rezhimi-ozgerdi_a3448358

comments powered by HyperComments