Домой Новости Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды

Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды

Байқоңырда “Союз МС-10” зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. Бұл туралы диктор “Роскосмос” сайтында телетрансляция кезінде айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. “Союз МС-10” бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. NASA мәліметінше, іздестіру-құтқару командасы апат болған жерге бара жатыр.

Трансляция бірнеше минуттан соң (Астана уақыты бойынша сағат 14.56-да) тоқтап қалып, қайта қосылмады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/baykonyirda-zyimyiran-ushyiru-keznde-apat-boldyi-292677/

comments powered by HyperComments