Домой Новости Алматыда Науаи көшесіндегі тұрғын үй өртенді: 73 адам эвакуацияланды

Алматыда Науаи көшесіндегі тұрғын үй өртенді: 73 адам эвакуацияланды

Алматыдағы Науаи көшесінде орналасқан кешендегі өрт кезінде 73 адам эвакуацияланды, олардың жетеуі бала, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы ТЖД мамандары мәлімдеді.
Өрттің толық сөндірілгені хабарланды. Өрт шатырдан шыққан. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 15 шаршы метр.

“2018 жылы 11 қазанда сағат 12.56-да үйдің 14-қабатында оттың тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өртсөндірушілер сағат 13.01-де, яғни 5 минутта жетті. Өрттің вентиляциялық каналдардың жылытқышында тұтанғаны анықталды. Өрт 13.11-де ауыздықталып, 13.26-да сөндірілді”, – деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-nauai-koshesndeg-turgyin-uy-ortend-73-adam-292670/ comments powered by HyperComments