
Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы жобасы таныстырылды. Бюджеттен 8 миллиардтан аса теңге Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыруға бөлінеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында тоғыз бекет пен болашақта ашылатын “Сарыарқа” және “Достық” станциялары үшін 8 электрпойызды сатып алуға аванс ретінде бюджеттен қаражат бөлуге жоба ұсынылды. Оған 8,1 миллиард теңге бағытталуы тиіс”, – деді қаржы министрі. “Алматыметроқұрылыс” АҚ өндірістік-техникалық департаментің мәліметінше, “Сарыарқа” және “Достық” станцияларының құрылысына жалпы есеппен 67 миллиардтан аса теңге кетеді екен.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-metrosyinyin-poyyizdaryina-8-milliard-tenge-bolned-292673/