Домой Новости Мамандар Ресейден аса қауіпті тұмау келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Мамандар Ресейден аса қауіпті тұмау келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Қазақстанда күз-қыс айларында жаппай тұмау таралуы мүмкін. Тұмау вирусы елімізге Ресейден келе жатқан көрінеді. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Gorod.lv

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өкілдерінің айтуынша, тұмаумен күресу үшін, елімізде голландиялық және ресейлік вакцина сатып алынған екен. Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, биылғы тұмау аса қауіпті екен.

Жалпы биыл жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталмақ. Мамандардың айтуынша, ақылы ресейлік вакцина – 1600 теңгені құраса, голландиялық вакцина 2800 теңге тұрады екен.

comments powered by HyperComments