Домой Новости Мұнай базасының көлік жүргізушісі жарылыстан екі адамды құтқарып қалды

Мұнай базасының көлік жүргізушісі жарылыстан екі адамды құтқарып қалды

“Sinoil” мұнай базасының көлік жүргізушісі екі қызметкерді құтқарамын деп зардап шегіп қалды деп хабарлайды NUR.KZтілшісі.

Көрнекі фото: ru.tsn.ua

Көрнекі фото: ru.tsn.ua

49 жастағы Болат Сәрсенов жанармай тасушының жарылысы туралы айтты. Ол ауыр дене күйіктерінен қашып үлгерген жалғыз адам.

Оқиға 10 қыркүйек күні “Sinoil” ферроқорытпа зауыттары аймағында болған.

Мұнай базасының қызметкерлері 53 жастағы әйел мен 30 жастағы азамат жанармаймен көліктің бір бөлігін толтырып, екінші бөлігіне ауыса бастағанда жойқын жарылыс болыпты. Осы мезетте тасымалдаушы көліктің жүргізушісі шетте ұшып кеткен екен. Ал жігіт сұйықтық таситын көліктен секіріп түссе, қашып үлгермеген әйелдің денесі 85 пайызға күйіп кетіпті.

Болат Сәрсеновтің сөзінше, ол да жанармай көлігінің қасында тұрған. Жарылыс толқынының әсерінен оның мойны, құлағы мен қолының оң жақ бөлігін күйік шалыпты.

Бірақ ол денесіндегі жарақаттарына қарамастан өртеніп жатқаен күртешесін шешіп, оттан келіншек пен ер азаматты шығарып алуға жүгіреді.

“Олардың киімдерінің бөліктері жерге түсіп жатты. Мен алғашқыда жігітт, кейіннен әйелді шығардым. Мұнай базасындағылар осы уақытта орындарынан қозғала алмай қалды. Мен адамдарға жыладмырақ көмектесуін сұрадым” , – деді Болат Сәрсенов.

Сәрсеновтің сөзінше, бұл жарылыс күн сәулесіндегі сызықтардың отынан болуы мүмкін. Алайда ресми ақпарат коммисия мүшелерінің тексерісінен соң белгілі болады. Қазіргі уақытта екі жәбірленуші ауыр жағдайда жатыр. Келіншектің денесі 85 пайыз күйген болса, ер азаматты 55 пайыз күйік шалған.

comments powered by HyperComments