Домой Новости Ұлттық валюта долларына 375 теңгеге дейін әлсіреді

Ұлттық валюта долларына 375 теңгеге дейін әлсіреді

Таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 375,64 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы күнгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 372,6 теңге болған еді. 7 қыркүйектегі таңғы сауда-саттықтың бірінші келісімі 375 теңгемен өтті. Бұл минималдық құны болды. Максималдық құны – 376,5 теңге. Сауда көлемі 390,6 миллион доллар болды.  Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 375,5-380,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы Астана уақытымен 10.48-де 76,42 доллар болды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/naryk/ulttyik-valyuta-dollaryina-375-tengege-deyn-alsred-291818/

comments powered by HyperComments