Домой Новости “Головкинге ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеген”. Полиция видео авторын тапты

“Головкинге ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеген”. Полиция видео авторын тапты

Астана полицейлері Геннадий Головкиннің жеңісіне ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеді делінген видео авторын тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Полицейлер жалған видео авторын анықтады. WhatsApp-та таралған видеода автор Астанадағы Күйші Дина көшесінде біреудің өзін-өзі өртегені жайлы айтады”, – делінген елордалық ІІД өкілдерінің хабарламасында. 28 жастағы ер адам өртті видеоға түсіріп, оны сыныптастарының чатына жолдағанын айтады. “Ер адам жалған хабар таратқанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады”, – деп хабарлады полицейлер. ІІД өкілдері жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/golovkinge-utyis-tkken-son-ozn-oz-ortegen-politsiya-video-292082/

comments powered by HyperComments