Домой Новости Ердоған доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

Ердоған доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

Түркия президенті Тайип Ердоған Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумында доллардың халықаралық саудадағы үстемдігін тоқтату қажеттігін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Түркия президентінің айтуынша, сауда-саттықты жайлы ету үшін пайдаланылып келген доллар жүйесі қазіргі уақытта үлкен проблемаға айналды. “Валюта бағамдарымен жүргізіліп жатқан барлық амал-тәсілдің мақсаты – Түркия экономикасының мықты екендігіне шүбә келтіру. Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет”, – деп келтіреді Ердоғанның сөзін Anadolu агенттігі. “Доллардың мақсаты – Түркия экономикасына соққы жасау. Алайда үкімет қабылдаған шаралар мен Түркия халқының ұстанымы арқасында соққы жасау мүмкін болмады”, – деді Түркия президенті.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/erdogan-dollardyin-ustemdgn-toktatudyi-talap-ett-291680/

comments powered by HyperComments